Атыңнан айналайын Қарқаралы,
Сенен бұлт менен қайғы тарқамады.
Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай,
Мен бір жан қуғын көрген Арқадағы,- деп Мәди Бәпиұлы Алаш жұртына мұңын айтып, өлеңіне арқау қылған Қарқаралыдамыз. Сарыарқаның иен даласындағы белес-белес белдерден оқшау көрінетін Қарқаралы – таулы, қарағайлы орман массиві бірден өзіне баурап алады. Маусым айында ҚарМУ-дың Қарқаралыдағы оқу базасына (лагеріне) биология-география факультетінің «эколог» студенттерімен оқу далалық практика өткізу үшін бардық. Төмендегі сурет ҚарМУ-дың студенттерге арналған оқу-сауықтыру базасы. Бұл жерде студенттерге барлық жағдай жасалынған: жатақхана, асхана, сабақ қарайтын бөлме, жуынатын орын, медпункт, ойын алаңдары т.б.

ҚарМУ-дың оқу базасы.Оқу далалық практиканың мақсаты: Өсімдіктердің экологиялық топтарын анықтау, фитоценологиялық сипаттама жасау және экологиялық маршруттар жүріп өту болды. Осы жоспар бойынша алғашқы бағытымыз Қарқаралы тауында орналасқан «бассейн» көліне бағытталды. Жер бетіндегі табиғи түрде жазықта орналасқан көлдерден бұл көл өзгеше, яғни керсінше таудың басында орналасқан. Тау басындағы көлді бірден тауып бару қиын болғандықтан, жол бастаушы алу үшін Қарқаралы ұлттық саябақтың әкімшілігіне бардық. Онда ғылыми бөлімнің меңгерушісі Шарипов Шамилге жолығып, маршруттар жайлы ақылдастық. Шамил ағай бізге туристерге арналған карта сызба, демалушыларға арналған ереже және туристік-экскурсиялық маршрут кітапшасын берді. Сосын алдағы күндерде баратын жерімізге «рұқсатнама қағаз» жазып көмек көрсетті. Жол нұсқаушы ретінде Шамил өз қарамағындағы аға ғылыми қызметкер Петор деген жігітті бізбен бірге жіберді. Содан Петордың соңынан ерген бойы «қайдасың бассейн» деп тартып отырдық. Бассейн табиғи су қоймасы – Қарқаралы қаласының солтүстік-батысына қарай 4,5 шақырым жерде, таудың ұшар басында орналасқан. Маршрут бойынша қарағайлы орман алқабымен жүріп, тау-тауды, сай-сайды жағалап алға жылжи бердік.Жол бойы қаншама ақпараттық нұсқауларды кездестірдік. Туристер арнайы афишаларға жабыстырылған ақпараттардан осы өлкеде кездесетін өсімдік, аңдар, құстар жөнінде бірталай қажетті мәлімет ала-алады екен. Ұлттық саябақ территориясында қыста жануарларға жем – шөп беру жағы да ұйымдастырылыпты.Бұландарды қыста тамақтандыратын орын, Суретте ЭК-21 тобының студенті Мөлдір...Бұландарды қыста тамақтандыратын орын, Суретте ЭК-21 тобының студенті Мөлдір…Орманның таза ауасы жаныңа бір жайлы демеу беретіндей. Көптен бері мұндай жүрісті басымыздан кешірмегендіктен бірден ауыр тиді. Басында жинақты жүрген тобымыз алға жылжыған сайын бір-бірінен ажырап созыла түсті. Дегенмен бір-екі мәрте демалғанымыз болмаса, бір деммен бірталай уақыт жүріп әйтеуір жеттік.
Сонымен аты дардай «Бассейн көлін» көру бақытына барлығымыз куә болдық. Таудың шыңар басында теңіз деңгейінен 1200 метр, ал Қарқаралы қаласының деңгейінен 320 метр биіктікте орналасқан көлді көрген адам таңқалмауы мүмкін емес. Көл ұзындығы 40 метр, ені 15 метр грантиттік жартаспен қоршалған қазан шұңқырда жатыр. Шағын көлге су қайдан келетінін бірден ұға алмай дал боласын. Өзі биіктікте тұрғандықтан жоғарыдан келетін су көзі жоқ, ал түбінде бұлақ бар дейін десең, сыртқа төмен құлдилап ағып жатқан су байқалмайды. Тек көктемде қар суының есебінен төмен тасып ағады екен.

Бассейн көлі жоғарыда орналасқандықтан, Қарқаралы қаласы төменгі алқаптан анық көрінеді. Көл басынан төменге қарай елді мекенге қарап тұруда бір ғажап екен! Межелі жерімізге жеткесін суретке армансыз олайда-бұлайда түстік. Кім қойсада «бассейн» деп дәл қойған, шыныменде бассейн. Суға түсуге болмайды дегенсін, тек қол жуып алумен шектелдік.Көңіліміз көншіп, қызықтап болғасын төмен қарай ылдилаттық. Тауға шығу қаншалықты қиын болса, төменге түсуде оңай емес екен аяқ босаңсып, серпіліп кәдімгідей шаршатады. Содан келген жолымыз бойынша ҚарМУ оқу базасын бағыттап жүріп отырдық. Демалыс орнынан шыққанда жаңбыр сіркіреп, күн бұлттылау болған. Ал қайтарда күн ысып барлығымыздың еңсемізді басып, ақ тер – көк тер қылдырды.