<p>Студенттерге сабақ бергенде неше түрлі қызықтар болады. ҚарМУ-да “Экология” пәнінен сабақ беремін. Бір жылдары “дене шынықтыру және спорт” факультетінде сабағым болды. Менікі семинар сабақ, түрегелтіп шетінен сұрай бересін. Әр студенттің еншісінде бір рефераттан, мойнындағы қарызы осы. Енді бір қызығы осы факультеттің студенттеріне әр сабақ сайын реферат тақырыптарын қайта-қайта айтумен боласын. Шетінен жазғандарын жоғалтып алғыштар. Өткенде ғана тақырыбыңды айттым емес пе? десем. Мұғалім бір жерге жазғам, жоғалтып алдым деп тұратынын қайтерсін.

Бірде мынадай қызық жағдай болды. Тіпті қызық деп айтуға да болмас “масқара” жағдай. Семестр бітуге аз-ақ қалған. Студенттерге рефераттарыңды жазып қорғамасаңдар “допуск” алмайсыңдар деп, біраз ашуланған болдым. Сабақ соңында бір студент кідіріп қалды (рефератын қатты уайымдаса керек). Мұғалім маған реферат материалын қандай кітаптардан табуға болатының айтасыз ба? – деді. Жақсы, айтайын жазып ал – дедім. Жалма-жан дәптерін ашып қолына қалам алды. Әдебиеттер тізімі деп жаз дедім. Ол жазды. Енді бірінші, екінші .., деп рет-ретімен оқулықтардың атауын айтайын деп жатқам. Ол бірден осы “әдебиеттер тізімі” деген кітапта менің тақырыбым бар ма? – деді. Мен аң-таң болып тұрып қалдым да (ой пайымын бірден ұғып) “иә, осы кітапта бар”- дей салдым. Ол рахметін жаудыртып, дән риза болып кете барды. Әдебиеттер тізімі дегенді оқулықтын атауы деп ұққан студентті де көрдім.